Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы талқыланды

19.02.2023, 18:00 216

Қызылорда облысы әкімінің мiндетiн атқарушы Серік Қожаниязовтың төрағалығымен өткен мәжілісте «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасын іске асыру барысы қаралды. Жиынға Сыр өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келген «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов, GR жөніндегі тобының басшысы Бауыржан Сәрсембеков және жобалау бөлімінің басшысы Әлібек Қарауылбеков қатысты.

Айта кетейік, «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамы мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылатын жобаның орта білім беру ұйымдары объектілерінің нысаналы құрылысы жөніндегі дирекциясы ретінде айқындалған.

Облыс әкімінің мiндетiн атқарушы Серік Қожаниязов «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының маңызы мен өңірде атқарылатын жұмыстар жүйесі жайлы айтты.

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ерлан Төралиев «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының өңірдегі іске асырылу барысын баяндады. Еске салсақ, осы жоба аясында 2025 жылға дейін Қызылорда облысында жаңа құрылыс стандарттарымен 21 мектеп салу жоспарланған. Биыл 10 мектептің құрылысы басталады. Қазіргі таңда олардың жер телімдері рәсімделіп, сметалық құжаттары дайындалды. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов ұлттық жобаны нәтижелі іске асыру бойынша ұсыныс-пікірлерін бөлісті.

Жиын соңында облыс әкімінің мiндетiн атқарушы С.Қожаниязов мәжілістегі ұсыныс-пікірлер, берілген тапсырмалар хаттамаға енгізіліп, жауапты мекемелерге жолданатынын айтты.

Еске салсақ, Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте білім алуына жағдай жасау үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынған болатын. Тапсырмаға сәйкес, алдағы 3 жылда Қызылорда облысында 15100 орынға арналған 21 заманауи мектеп салынады деп жоспарлануда. Жобаның жалпы құны – 100 млрд. теңге. Атап айтқанда: Қызылордада – 8, Аралда – 4, Қазалыда – 2, Қармақшыда – 2, Жалағашта – 1, Сырдарияда – 1, Шиеліде 1 және Жаңақорған ауданында 1 мектеп бой көтереді. Жаңа білім ордаларында бастауыш және жоғары сынып оқушылары мектеп ғимаратының жекелеген блоктарында оқиды. Сәйкесінше, олардың әрқайсының өз оқу кабинеттері, әжетханалары, спортзалдары болады.

Сондай-ақ бейнебақылау, дыбыстық дабыл сияқты қауіпсіздік құрылғылары орнатылады, физика, химия, биология, робототехника сияқты заманауи кабинеттермен қамтамасыз етіледі. Арнайы білім беруді қажет ететін балалар үшін барлық жағдай жасалады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: