Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жайлы мектеп – сапалы білімге қолжетімділікті арттыратын жоба

21.02.2025, 8:45 81

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысында жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы өңірдің білім саласына жаңа леп алып келуде. Жоба аясында салынған заманауи мектепте тек білім беруді ғана емес, оқушылардың дамуына жағдай жасау мақсатында да ерекше көңіл бөлінген. Әрбір мектеп құрылысында экологиялық талаптар мен оқушылардың қауіпсіздігі басты назарға алынған.

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірімізде 6900 орындық 10 мектептің құрылысы жүргізіліп, 2700 орындық 5 мектеп пайдалануға берілді.

Кеше БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры ұйымдастырылды. Мектепті аралау барысында журналистер мектептің заманауи инфрақұрылымы, оқушыларға арналған арнайы мүмкіндіктері мен инновациялық әдіс-тәсілдері туралы ақпарат алды.

Сондай-ақ, баспасөз туры мектеп ұжымының жұмысын, оқушылардың білім алу жағдайын жақсартуға бағытталған бастамаларын сараптауға мүмкіндік берді. Журналистер сол жағалаудағы білім ордасының әрбір бөлмесінде қолданылатын заманауи технологиялар мен экологиялық талаптарға сай жобаланған дизайнды бағалап, мектептің білім сапасын арттыруға қосқан үлесін жоғары бағалады.

– Қызылорда қаласының сол жағалауында ашылған алғашқы «Жайлы мектеп» 900 орынға арналған. Қазіргі таңда мектепте 1000-нан аса оқушы білім алуда. «Жайлы мектептің» ерекшелігі – қауіпсіз орта туғызу. Мектеп толық бейнекамералармен, турникеттермен жабдықталған. Қуаныштысы, мектебімізде заманауи кабинеттер бар. Оның ішінде физика, химия, биология, робототехника кабинеттері соңғы үлгідегі заманауи құрылғылармен жабдықталып, оқушыларды ғылымға баулуға бізге үлкен мүмкіндік жасап отыр. Онымен қоса заманауи шеберханаларымыз бар. Оның ішінде тігін, дизайн, технология кабинеттері құралдармен жабдықталған. Ерекше кабинеттеріміздің бірі – тамақтану мәдениеті кабинеті. Бұл кабинетте оқушылар ас әзірлеуді, дұрыс тамақтануды үйреніп жатыр, – деді №290 орта мектебінің директоры Мөлдір Смаханова.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: