Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Заң және тәртіп – қауіпсіз қоғамның тірегі

21.11.2025, 8:55 222

HALYQLINE.KZ

Қармақшы ауданы А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп – қауіпсіз қоғамның тірегі» тақырыбында «Әкелер Одағы» кеңесінің мүшелерімен аудандық семинар өткізілді. Семинарға Қармақшы аудандық прокуратурасының қызметкері Әділет Сәду, «Жастар денсаулық орталығының» маманы Әмина Кетебаева, Германия кеңес әскерлері тобы және Варшава келісімшарт әскерлері тобы ардагерлері Республикалық қоғамының Қармақшы аудандық филиалы директоры Самат Бұлақбаев, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Мағауия Әлиев, Қармақшы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің полиция майоры Нұрбек Серіков, аудандық білім бөлімінің әдіскері Ақтолқын Тоқшылықова және мекетпішілік ата-аналар комитетінің төрайымы Көптілеу Қазақбаева арнайы қатысты.

Іс-шараның мақсаты қоғамдағы құқықбұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдер мен балалар тәрбиесіне жауапкершілікті күшейту, балаларды патриоттыққа тәрбие беруде үлесімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.

Семинар барысында «Әкелер Одағы» кеңесінің мүшелері топқа бөлініп, ұлттық құндылықтар қамшы есу дәстүрі туралы, «Шебер әке» сайысы кезеңдері бойынша белсенділікпен қатысып, кері байланыс жасап, өздерінің бала тәрбиесіндегі ой-пікірлерімен бөлісті. Осы ретте  «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес бала тәрбиесіне аса мән беріп, ұлттық құндылықтарды отаншылдық, адалдық, адамгершілік, бірлік идеяларын ұстанатын шәкірттерді тәрбиелеуде бірлесіп жұмыстарды жүзеге асыру жайлы тоқталып өтті. Мысалы, білім беру ұйымындағы робототехника, қолданбалы өнер, үйірме жұмыстары, азаматтық патриоттық тәрбие беру, саламатты өмір салтын насихаттау бойынша жүргізілетін жұмыстардың үйлесімділігі мен нәтижелерін атап айтуға болады.

Сондай-ақ, «Әкелер Одағы» кеңесінің мүшелері ой-пікірлерін жеткізіп, бейнероликтер көрсетіліп, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша Әкелер қауымдастығының міндеттері мен отбасы тәрбиесіндегі әкенің рөлі жайлы талқылаулар өткізілді.

Кездесу соңын қорытындылаған А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінің директоры Нұржан Раймов бала тәрбиесінде бірлесіп атқарылатын жұмыстар жайлы пікірін білдіріп, арнайы қатысқан «Әкелер Одағы» кеңесінің мүшелеріне және сала қызметкерлеріне мектеп әкімшілігі атынан ризашылығын жеткізді.

Бүгінгі іс-шарада мектеп-лицейдің оқушылары мен Әкелер қауымдастығының бірлескен жұмыстарының нәтижелері көрініс тапты.

Айбол  Қозыбақов,

№105 мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,

Қармақшы  ауданы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: