Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Философия және саясаттану факультетінің ұйымдастыруымен «Үздіксіз дамудағы Орталық Азиядағы билік, адамдар және мәдени өзгерістер» атты 18-ші ESCAS 2023 (European Society for Central Asian Studies – Орталық Азия зерттеулерінің Еуропалық қоғамы) конференциясы өтті. 1985 жылдан бастап өткізіліп келе жатқан конференция осы жылы Қазақстанда екінші рет өтіп отыр.
Ғылыми форумға Орталық Азия, Еуропа, Канада және АҚШ-тан 300-ге жуық ғалымдар мен сарапшылар қатысты. 50 панельдік сессияны қамтыған конференцияда ғалымдар Орталық Азиядағы билік, адамдар және мәдени өзгерістерге қатысты заманауи сын-қатерлер мен мәселелер, Біріккен Ұлттар Ұйымы белгілеген Тұрақты дамудың 17 мақсатына қол жеткізудегі ағымдағы оқиғалар ықпалын талқылады.
Аталған іс-шараға «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институтының директоры, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Ө.Насимов қатысты. Сыр елінің ғалымы «Миграция және диаспоралар», «Мемлекет көрінісі: қала құрылысы, ұтқырлық және визуалды көріністер», «Отарсыздану кезеңінен кейінгі Қазақстан: бірегейлік, тіл және қауіпсіз кеңістіктер. Инклюзивтілік және/немесе отаршылдық?», «БАҚ-тың саясаттағы және қоғамдағы трансформациялық рөлі», «Дәстүрлі институттардың трансформациясы» және «Орталық Азиядағы қуғын-сүргін және Кеңес өкіметі туралы естеліктер» атты панельдік сессияларындағы баяндамаларды тыңдап, пікірталастарда өз ойларын білдіріп отырды.
«Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!