Халқымыздың болашағы – бүгінгі ұрпағы. Болашақ мемлекетіміз ұрпаққа деген сабақтастықтан туындайтын дүние болғандықтан, әр халықтың болашағы жастарына тәуелді екені даусыз. Егер бүгін жастар өз халқының рухымен тәрбиеленіп өспесе, онда елдің келешегі бұлыңғыр болмақ. Сондықтан бала тәрбиесінде тек ата-ананың емес, ұстаздың да алар орны ерекше «Алты Алаштың басы қосылса, төрдегі орын – ұстаздікі» деп М.Жұмабаев айтқандай, биылғы жаңа оқу жылы ұстаздар үшін төрден орын алғанмен тең. Олай дейтінім, Қармақшы ауданы №250 мектеп базасында аудандық білім бөлімінің ұйымдастырумен өткізілген мерекелік концертте Оқу-ағарту министрінің құрметіне бөленіп жатқан ұстаздардың қуанышында шек жоқ. Мерекелік көңіл күйден соң ұстаздарымызды ұлықтау салтанаты өтті. Мектебімізден Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың құрмет грамотасымен Жомарт Ерболатов, Ғабит Сарсен, Жаңагүл Төлегенова, Айгүл Әбдиева, Гүлмира Ахмаганбетова, Айгүл Қайруллаева марапатталса, Қармақшы ауданы әкімінің «Алғысымен» мектеп директорының міндетін атқарушы Зағираш Бержанова мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Назира Жакипова Назира марапатталды.
Төретам кентіндегі №85 мектеп ұжымындағы марапатталған ұстаздардың білікті маман, білім саласының дамуына өз үлестерін қосып келе жатқан педагог-шеберлер екендігін айта кетейін. Ендеше, қазан айындағы кәсіби мереке аясында мықты денсаулық, еңбектеріңізге мол табыс, отбастарыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!
Назира Оразханқызы,
№85 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Төретам кенті
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!