Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түлектерге аттестат табысталды

16.06.2022, 11:45 786

HALYQLINE.KZ

Бүгін Қызылорда қаласы Жәлел Кизатов атындағы №23 мектеп-лицейінің түлектеріне облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бағдат Бердаулетов аттестат табыстады. Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Аталмыш білім ошағы 1984 жылы құрылып, 2009-2010 оқу жылынан бастап мектеп-лицей мәртебесіне ие болған.

Бүгінде 40 жылға жуық тарихы бар бұл білім ордасында 91 түлек жаңа өмірге қанат қағуда. Мемлекеттік аттестаттаудың қорытындысы бойынша оның 9-ы «Алтын белгі» және тағы да 9-ы «Үздік аттестат» иегері атануда.

Мерекелік іс-шараға қатысқан Бағдат Камбозұлы мектеп бітіруші түлектерді құттықтап, 18 оқушыға «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» табыстады.

– Құрметті түлектер, сіздерді 11 жыл алған білімдеріңізді куәландыратын құжат аттестат алуларыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгі жас түлектеріміздің әрқайсысы осы алтын ұя мектептерінде 11 жыл оқып, сапалы білім мен саналы тәрбие алып, «Өмір» атты үлкен теңізге аяқ басуда. Әрине, бұл өмірдің талай кедір-бұдырлары болатыны сөзсіз. Бұл ретте мектеп қабырғасында алған білімдеріңіз осы жолда сенімді серік болады деп сенемін. Баршаңыз Ұлттық бірыңғай тестілеуде жақсы нәтиже көрсетіп, өздеріңіз таңдаған мамандықтарыңыз арқылы білім алып, осы дүниенің бір кірпіші болып орындарыңызды табуларыңызға тілектеспін. Бар білімдеріңізді Жаңа Қазақстанның, туған жерлеріңіз Сыр өңірінің өсіп-өркендеуіне жұмсап, үлкен жетістікке жете беріңіздер, – деді Бағдат Камбозұлы.

Айта кетейік, биыл Қызылорда облысы бойынша мектепті 7505 оқушы бітіріп, 6404 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуде бағын сынауда. Сондай-ақ, негізгі орта білім туралы аттестатты алатын, яғни 9-сыныпты бітірушілер саны – 14 543 оқушы. Оның ішінде «Үздік аттестат» иегерлер саны – 1 765. Ал, 11 – сыныпты бітіруші түлектер саны 7 506 болса, оның 415-і «Алтын белгі», 804 оқушы «Үздік аттестат» иегерлері атануда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: