Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тамыз кеңесінде талқыланған тақырып қайсы?

28.08.2020, 10:00 620

HALYQLINE.KZ Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков тамыз кеңесіне қатысып, білім мәселелерін талқылады. Тамыз кеңесіне аудан мектептері мен білім беру ұйымдары онлайн форматында қашықтықтан қосылып, тыңдап отырды. Тамыз конференциясын аудан әкімінің орынбасары Ж.Омаров жүргізді. Алғашқы құттықтау сөз аудан әкімі Мұса Оспанұлына беріліп, білім беру саласындағы мемлекеттік қолдау шараларын, саладағы негізгі басым бағыттарды атап өтіп, алдағы жаңа оқу жылында педагогтарға сәттілік тіледі.

Сонымен бірге жиында аудандық білім бөлімінің басшысы Д.Нәзікбаев жаңа оқу жылының басты ерекшеліктеріне тоқталып, оқу жүйесінде іске асатын басты мақсат-міндеттерді атап өтті.

Конференцияда мектеп директорлары мен ата-аналар пікірлерін білдіріп, білім саласындағы жетістіктерді сөз етті.

Жиын соңында аудан әкімі М.Қалдарбеков білім беру саласына ерекше үлес қосқан ұстазадарға ҚР Білім және Ғылым Министрінің Құрмет грамотасы мен алғыс хаттарын, облыс әкімінің алғыс хаттары мен аудан әкімінің алғыс хаттарын табыстады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: