Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Талапкерге жатақхана алу мәселе болмайды

12.05.2020, 12:38 623

HALYQLINE.KZ –| 1 маусымға дейін ЖОО-лар мен колледждер құжат қабылдауға толық дайын болуы керек. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн конференцияда айтты.

– Біз қазір қабылдау комиссиясы үшін электронды нұсқада келген өтініштерді қалай өңдеп, келген сұрақтарға қалай бірден жауап беру туралы оқу курстарын өткізіп жатырмыз. Біз 1 маусымға дейін ЖОО мен колледждердің осындай ішкі жұмыстарын толық бітіріп, құжат қабылдауға толық дайын болуымыз керек. Колледждерде тамақтану, жатақханадан орын алу мәселесі бар. Осындай қызмет түрлерінің әрқайсысына бөлек-бөлек өтініш жазып, жекелей құжат жинау керек болатын. Енді абитуриент құжат тапсырғаннан кейін ақпараттық жүйеден оның әлеуметтік мәртебесі, мекен-жайы көрсетіледі және тамақтану қызметі мен жатақханадан орын бірден беріледі, – дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, құжаттарды электронды түрде қабылдау кең қолданысқа ие.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: