HALYQLINE.KZ Кеше Қызылорда қаласында №1 Облыстық балаларды оңалту орталығында «Аутизмге шалдыққан балаларға жүргізілетін терапия түрлері» тақырыбында «Дефектология» мамандығының 3-курс студенттеріне арналған мастер класс өткізілді. Мастер класстың өткізілудегі мақсаты – мамандардың тәжірибесімен бөлісу, аутизмге шалдыққан балаларға жүргізілетін терапия түрлерімен тәжірибе барысында таныстыру.
Өткізіліп отырған шараға «Болашақ» университетінің ректоры Қ.Дәуренбеков және «Педагогика, дефектология» кафедрасының меңгерушісі М.Қасымбекова, кафедра оқытушылар мен «Дефектология» мамандығының 3-курс студенттері қатысты. Мастер классты ұйымдастырушы, кафедра аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты және «Болашақ» университетінің «Дефектология» мамандығы бойынша филиал меңгерушісі С.Жәнібекова өзінің тәжірибесімен бөлісе отырып, аутизмге шалдыққан балалармен түзетуге арналған жұмыстар тізбегімен таныстырып, дефектолог маман жұмысындағы түзетуге арналған құралдарды пайдалану жолдарын көрсетті. Сонымен қатар, аутизм балалардың бойында кездесетін ерекшеліктерді, мінез-құлқындағы өзгерістерді атап өтіп, осындай балалармен түзету жұмыстарын жүргізудің тиімді жолдарына да тоқталып өтті.
«Аутизмге шалдыққан балаларға жүргізілетін терапия түрлері» мастер класс аясында аутизмге шалдыққан балаларға арнайы мамандардың жұмыстарын бөліп қарастырып, ерекшеліктеріне тоқталды, сондай-ақ аутизм балалармен қарым-қатынас орнату жолдарында кездесетін қиындықтарды атап өтті. Дефектолог мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, қол жетімді кедергісіз орта құру, сөйлеу тілін дамыту перспективалары негіздегі түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Әлеуметтік мәселелерді психологиялық және
дефектологиялық зерттеу орталығы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!