Шаштараз мұғалімнің шашын алып жатып сұрайды:
— Неге бізде білім сапасы күннен-күнге нашарлап барады?
Мұғалім былай дейді:
— Елестетіп көріңізші, сіз әр құралды қолданғаныңыз үшін жазбаша түрде дәлел келтіріп, негіздеуіңіз керек. Әр адамның шашын қырқудың перспективалық және сағаттық жоспарын жасап, оның жуылуын, сусабын мен басқа да күтім құралдарын қолдануды да қағазға түсіріп дәлелдеңіз. Еңбекақыңыз сіздің клиенттеріңіздің пікірлері мен жазған мақалаңызға, бас жуу туралы семинар мен конференцияларға қатысуыңызға тікелей байланысты болады. Сондай-ақ клиенттеріңіз бен олардың туыстарына арнап көрсетілімдік ойын-сауық ұйымдастырасыз.
Айына бірнеше рет сізге тексеріс келеді. Жоғарыдан шешім қабылданып, ұшы сүйір қайшыларды қолдануға тыйым салынады. Әр клиентпен селфи жасап, суреттерді есепке тіркеп, комиссияға тапсыруыңыз керек.
Кейде әр клиенттің үйіне барып, шаштарының қалай өсіп жатқанын тексеріп, психологиялық көмек керек пе, соны анықтау керек… Айына бірнеше рет «ерікті түрде» көшелерді сыпырып, жолдар мен ағаштарды әктеуге шығасыз…
— Тоқтаңыз! — деп дауыстайды шаштараз, — ал шашты қашан қырқамын?!!
— Сіздің сұрағыңызға жауап бердім деп ойлаймын, — дейді мұғалім.
(Авторы белгісіз)
Әлеуметтік желіден аударма жасаған Т.ӨТЕПОВ
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!