Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сенатор Наурызбай Байқадамов жекеменшік мектептердің қызметін реттеу шараларын ұсынды

25.04.2025, 8:40 435

HALYQLINE.KZ

Сенатор Наурызбай Байқадамов өзінің депутаттық сауалында жеке меншік мектептердің көбеюі және олардың мемлекеттік білім беру ісіне ықпалына байланысты проблемалар туралы айтып берді.

Депутаттың айтуынша, Қазақстанда жекеменшік мектептер қарқынды дамып келеді және мемлекет бұл секторға айтарлықтай қолдау көрсетуде. Алайда, жекеменшік мектептер санының өсуін реттеуді талап ететін проблемалар да пайда болады. Сенатор бірнеше негізгі мәселелерге назар аударды.

«Жер телімдері бастапқыда жекеменшік құқығындағы кәсіпкерлік немесе жеке тұрғын үй ретінде алынып, кейін нысаналы мақсаты өзгертіліп, мектеп ретінде ашылуда. Салынатын мектеп құрылысының құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келетін типтік жобасы бекітілуі керек. Жекеменшік білім беру ұйымдарына атау беру ономастика саласындағы заңнамалармен реттелу керек. Мектеп құрылтайшылары баланы көбейту үшін орталыққа елді мекендерден балалар тасымалдауда. Тасымалданатын балалардың жол қауіпсіздігі мәселесі алаңдатуда», — деп атап өтті сенатор.

Сенатор осыған байланысты жағдайды реттеу үшін бірқатар шара ұсынды. Ол оқу орындарын салу кезінде жергілікті билік органдарының пікірлерін ескеру қажеттігін, сондай-ақ жекеменшік мектептерді қаржыландыру және оқушылардың әлеуметтік қамсыздандырылуын ұйымдастыру тәсілдерін қайта қараудың маңыздылығын атап өтті.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: