Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сапалы білім ордасы

29.04.2020, 17:23 700

XXI ғасырда мемлекeттің экономикалық серпiндi дамуы мен бәсекeгe қабiлeттіліктi қамтамасыз ету жолында ғылымды қажет етeтiн экономикалық жүйелердiң және демократиялық қоғам құруда жoғары мектeптiң рөлiн арттырy басты мiндеттiң бipi болып табылады. Осы орайда әл-Фараби aтындағы Қазақ ұлттық университетiнiң жетiстiктерi мен даму жолы туралы айтқымыз келеді. Соңғы бес жылдың өзінде университет QS рейтингінде 400-ден астам позицияға көтерілді. 2019 жылы әлемнiң 300 үздiк университетiнiң aрасынан 209-oрын алды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебін декан, э.ғ.д., профессор м.а. Римма Қалымбекқызы Сағиева Сағиева басқарып отыр.

Экономика және бизнес жоғары мектебі – 1949 жылы ашылып, 1963 жылы Алматы халық шаруашылығы институтының құрылуына негіз болған, Қазақстандағы жоғары білікті экономистерді даярлайтын ең алғашқы және кең ауқымды қамтитын орын;

  • Жыл сайын экономика және бизнес, менеджмент және маркетинг, қаржы, есеп және аудит саласында факультеттен түлеп ұшатын 500-ден астам бакалавр, магистр және Ph.D. докторлары;
  • 20 ғылым докторы, 45 ғылым кандидаты мен 10 Ph.D. докторын қоса алғанда кәсіби біліктілігі өте жоғары профессорлық-оқытушылық құрам;
  • Университеттің дәстүрлі болмысы мен оқытудың заманауи әдістерінің үйлесім табуы;
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қарамағындағы Экономика институтымен тығыз байланыста жүргізілетін ғылыми зерттеулер мен ғылыми мектептердің сабақтастығына студенттерді белсенді қатыстыру;
  • Еліміздің дамуына сүбелі үлес қосқан көптеген отандық ғалымдар, беделді мемлекеттік қызметкерлер, табысты кәсіпкерлер, жоғары оқу орындарының ректорлары, атақты спортшылардың қара шаңырағы;
  • Қызықты іс-шараларға толы, мәнді әрі мағыналы студенттік өмір мен қолайлы кампус;
  • Тұрақты түрде жүзеге асырылатын халықаралық жобалар мен шетелдік серіктес университеттерде білім алу мүмкіндігі.

 Осыған байланысты, еліміздің саяси-экономикалық жағдайына қатысты барлық бағдарламаларға ҚазҰУ-дың Экономика және Бизнес Жоғары мектебінде «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.д., профессор Ардақ Несіпбекқызы және кафедраның кәсіподақ төреғасы Асқар Мұратұлының бастамымен дөңгелек үстел, дискуссия және басқа да ауқымды шаралар ұйымдастырылып, талқылау жүргізіліп отырады. Кафедра «Менеджмент», «Инновациалық менеджмент», «Жобаларды басқару» мамандығы бойынша даярлайды. Әлемдiк тәжiрибeде элиталық жоғары оқу орнының сипаттамaсы қандай болу керек екeнi белгілi, ол көптеген таланттардың шоғыpлануы, ресурстардың барынша жеткілiктілiгi және икемдi басқару.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың атқарылатын барлық іс-шаралар төменде көрсетілген құндылықтар шеңберінде жүзеге асырылады:

  • Рухани жаңғыру: адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу, ұлттық бірегейлікті сақтау, сананың ашықтығы.
  • Достық, теңдік және төзімділік: университет барлық іс-шараларын құрылтайшы мемлекеттердің арасындағы достық, теңдік және мәдени айырмашылықтарға құрмет көрсете және өзара төзімділік таныта отырып жүргізеді.
  • Айқындылық: оқу орнындағы үдерістер университетпен қарым-қатынас орнатылған ұйымдар/мекемелер (жұмыстар) алдында ашық, айқын жүзеге асырылады.
  • Парасаттылық (integrity) – оқу орнының барлық ғылыми-педагогикалық және әкімшілік қызметкерлерінің бойында құқықтық таным мен құқықтық мәдениеттің салтанат құруы.
  • Кәсібилік: оқытушы-профессорлар құрамының кәсіби дағдыларды меңгеру дәрежесі, студенттерді оқытуға бағытталған білімділігі, тәртіптілігі, дамытушылық қабілеті.
  • Инновациялық: оқытушының рухани белсенділігі арқылы оқу, ғылыми-зерттеу үдерісінде жаңа жоспарлау, жобалау, білімді игерудің жаңа жолдарын қалыптастыру.

Бүгінде Қазақстан білімі мен ғылымының ірі орталығына айналған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ерекше мәртебесі бар. Қазақстанның жетекші классикалық университеті, жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылымды инновациялық дамытудың ұлттық көшбасшысы, еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының иегері.

А.М.СМАҒҰЛОВ,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Менеджмент»

кафедрасының доценті, э.ғ.к.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: