Рысқалиев Нұрсұлтан Баймырзаұлы биыл №220 орта мектебін үздік бітіріп, «Алтын белгі» иегері атанды. Үздік шәкірт биология пәні бойынша республикалық олимпиада жүлдегері, бірнеше мәрте облыстық, республикалық конкурстардың жеңімпазы болған.
Нұрсұлтан қатарластарынан оза шауып, ҰБТ-да 137 балл жинады. Ол әке жолын қуып, өз болашағын медицина саласымен байланыстырғысы келеді. Нұрсұлтанның биология, химия пәніне қызығушылығын оятқан пән мұғалімі – Абатова Гүлбану мен сынып жетекшісі – Әлібекова Гүлмира.
«Болашақта өзім қалаған медицина мамандығына түсіп, ақ халатты абзал жан атанғым келеді» дейді үздік шәкірт.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!