2023 жылдың 1-4 ақпан күндері Алматы қаласында ХІХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өткізілді. 26 елдің 281 командасы қатысқан дүбірлі додада сырбойылық 7 өрен бақ сынады.
Дәстүрлі түрде өткізілетін халықаралық олимпиаданың қорытындысы бойынша қызылордалық 3 оқушы жеңімпаз атанды. Оның 1-еуі күміс, 2-еуі қола медаль.
Жеңімпаз атанған №9 дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының оқушылары Арман Бақытов және Нұрислам Сырғабаев пен Ахамет Иса еліміздің жетекші оқу орындарының атаулы сыйлықтары мен білім гранттарын иеленді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!