27 шілде мен 3 тамыз аралығында Боливияның Сукре қаласында мектеп оқушыларына арналған 36-шы Халықаралық информатика олимпиадасы (IOI) өтті. Бұл – әлемнің 98 елінен келген 400-ге жуық үздік жас бағдарламашылардың басын қосқан ең беделді зияткерлік дода.
Қазақстан құрамасынан қатысқан 6 оқушының қатарында Қызылорда облыстық “Білім-инновация” лицейінің 10-сынып оқушысы – Мансур Мамадахунов бар. Олар еліміздің намысын қорғап, әлемдік деңгейде бәсекеге түсіп, олимпиала қорытындысымен 4 медаль иеленді.
Сырбойылық өрен Мансур Мамадахунов бұл додада ІІ орынды иеленіп, еліміздің информатика мен алгоритмдік бағдарламалау саласына ерекше үлес қосты.
Бұған дейін ол республикалық және халықаралық жарыстарда үздік нәтижелер көрсетіп, Қызылорда өңірінің білім саласындағы абыройын асқақтатып келеді. Енді, міне, IOI-2025 алаңында әлемнің ең мықты жас IT-таланттарымен бақ сынады.
Біз Мансурға және бүкіл Қазақстан құрамасына сәттілік тілейміз!
Сенің еңбегің мен талпынысың – көптеген жас қазақстандықтарға шабыт!
Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!