Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық мұғалімдер республикалық спартакиадада топ жарды

04.11.2024, 18:35 378

Қызылорда облысында өткен Қазақстан мұғалімдерінің республикалық спартакиадасы өз мәресіне жетті. Дәстүрлі жарысқа еліміздің әр өңірінен келген 920-ға жуық мұғалім қатысып, 70-тен астам төреші төрелік еткен. 5 күнге созылған спорттық бәсекеде аймақ ұстаздары үздік өнер көрсетіп, бірінші орынды иеленді. Ал, ақтөбелік ұстаздар екінші орынды алса, Шымкент қаласының командасы үшінші орынды қанжығасына байлады. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында жауапты сала мамандары келіп, спартакиаданың барысы мен қорытындысын жан-жақты баяндап берді.

– Өткен ғасырдың 20-жылдарында құрылған Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы өзінің қалыптасуы мен дамуының 100 жылдық белесін бағындырып отыр. Кәсіподақ сала қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша билік органдарымен және жұмыс берушілермен сындарлы ынтымақтастық орнатты. Қазіргі таңда оның құрамында 600 мыңға жуық кәсіподақ мүшесі бар. Салалық кәсіподақ әлеуметтік әріптестік келісіміне байланысты қызметкерлердің құқықтарын қорғау, мүдделерін білдіру, олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсарту, сауықтыру бойынша түрлі жұмыстар атқаруда.

Сондай-ақ, бұқаралық спортты дамытуға да ерекше назар аударады. Осыған байланысты салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығымен» бірлесіп орта білім беру ұйымдары және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында республикалық спартакиада өткізуді қолға алдық. Бұл спартакиаданың басты мақсаты – спорттық ойындар арқылы ұжымды біріктіріп, бос уақыттарын тиімді пайдаланып, мұғалімдер арасында достық пен ынтымақтастықты насихаттау және тәжірибе алмасу болып табылады. Спартакиада алғаш рет 2019 жылы Астана қаласында ұйымдастырылса, биыл Сыр елінде өткізу мүмкіндігі туды, – деді Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының бас маманы Асан Бітімбай.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: