Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 6 білім беру ұйымы қызметін тоқтатты

13.02.2025, 12:10 90

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 2024 жылы 387 мемлекеттік бақылау шарасы өтті. Оның нәтижесінде 68 білім беру ұйымы аттестатталса, 115 білім беру ұйымы екінші рет аттестаттаудан өтті. Ал 6 білім беру ұйымы қызметін тоқтатты. 45 білім беру ұйымының екінші рет мемлекеттік аттестаттаудан өтуі осы 2025 жылға жоспарланған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалия Даулетова мәлімдеді.

– Мемлекеттік бақылау шараларының мақсаты – білім саласындағы заңнамалардың сақталуына бақылау жасау. Департамент мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 2 түрі бойынша жұмыс жүргізеді. Оның бірі – білім туралы құжаттарды апостильдеу. Департаментке 2024 жылы білім туралы құжаттарын апостильдеуге 119 өтініш келіп түсті, оның барлығы қанағаттандырылды. Азаматтардың басым көпшілігі Оңтүстік Корея еліне – 40, Турция – 48, Италия – 18, Польша – 4, Литва, Германия, Австрия 1 мемлекеттеріне кеткен. Білім беру қызметін лицензиялау бойынша 2024 жылы «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесіне білім беру ұйымдарынан барлығы 53 өтініш тіркелді. Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және лицензияға қосымша 23 мектепке, жаңа мектептерге 7 лицензия, қайта рәсімдеу 12 білім беру ұйымына жүргізілді, 11 өтініштен бас тартылды.

Департаменттің 2025 жылға міндеттеріне тоқталып өтсем. Департамент тарапынан 2025 жылы лицензиялау жұмыстарын «Жайлы мектептерге» жүргізу және барлық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының лицензияларын қайта рәсімдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды. Лицензиясыз білім беру қызметін жүзеге асырып жатқан білім беру ұйымдарының лицензия алуын бақылау жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарының біліктілік талаптарға сәйкестігі үнемі бақылауда болады. Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда заңнама талаптарында көзделген тиісті шаралар қабылданатын болады, – деді Ғалия Ноғайқызы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: