HALYQLINE.KZ Індеттен сақтану үшін қазіргі таңда жан-жақты сақтық шаралары жасалуда. Осы ретте, облыс бойынша барлық мектептер, балабақшалар мен колледждер “Ashyq” жобасына толықтай қосылды.
Білім беру ұйымдарынына кірмес бұрын ата-аналар мен мекеме қызметкерлері QR-кодты сканерлеп, әкімшіге қосымшадан шыққан нәтижені көрсетуі тиіс.
Естеріңізге сала кетейік, аталмыш қосымша 4 түс негізінде шешім қабылдайды. Мәселен «Қызыл» түс үйде оқшаулану режимін білдірсе, «Сары» түсте тек дәріхана мен дүкенге рұқсат етіледі. Ал «Көк» пен «Жасыл» түстегі статус иелеріне қоғамдық орындарда емін-еркін жүріп тұруына болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!