Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қорқыт ата университетіне жаңа ректор тағайындалды

06.02.2026, 18:08 55

Республикалық комиссия шешімімен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры болып Наурызбай Байқадамов тағайындалды деп хабарлайды, halyqline.kz тілшісі QYRDAN.KZ сайтына сілтеме жасап.

Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы — 1967 жылы 10 шілдеде Қызылорда облысы, Ж. Махамбетов ауылында дүниеге келген.

1991 жылы Н. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын «Тарих және француз тілі» мамандығы бойынша білім алды. Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.

Еңбек жолын 1991 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданындағы Амангелді атындағы №139 мектеп мұғалімі болып бастаған.

1994-2003 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы» кафедрасының оқытушы, аға оқытушысы, меңгерушісі.

2003-2006 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы колледж директоры.

2007 жылы маусым-қараша аралығында «Nur Otan» ХДП Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары.

2008-2013 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры.

2013-2015 жылдары Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы.

2015-2016 жылдары «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2016-2019 жылдары Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы.

2019-2021 жылдар аралығында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.

2021-2023 жылдары Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы.

2022-2023 жылдары «AMANAT» партиясының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы.

2023-2024 жылдары Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы.

2024 жылдан қазірге дейін ҚР Парламенті Сенатының депутаты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: