Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қордың қолдауы

24.09.2025, 9:10 153

HALYQLINE.KZ

«Қазақстан халқына» қорының өкілдері БАҚ өкілдерімен бірге Жалағаш ауданына арнайы келіп, Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейінде атқарылған жұмыстармен танысты. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі жариялады.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ғани Сүлейменов «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен жабдықталған жаңа оқу кабинеттерін бірге аралап, атқарылған жұмыстармен таныстырды.

Қор өкілдері Мемлекет басшысының білім саласына ерекше назар аударып отырғанын атап өтіп, ауыл мектептерін дамытудағы мұндай жобалардың маңыздылығын жеткізді.

Айта кетейік, Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейіне «Қазақстан халқына» ұлттық қорынан ауылдық жердегі мектептердің әлеуетін арттыру мақсатында 250 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінген болатын. Бұл қаржыға 21 пәндік кабинет, 56 моноблок, 18 интерактивті панель, заманауи кітапхана, спорт зал, коворкинг аймағы, арт студия, қыш студиясы, телестудия, робототехника және STEM зертханалары, шахмат кабинеттері заманауи құрал-жабдықтармен толықтай жабдықталды. Сонымен қатар, барлық оқу кабинеті жаңа жиһаздармен және интерактивті оқытуға арналған технологиялармен қамтамасыз етілген.

Мектеп ұжымы мен оқушылары атынан осындай ауқымды қолдау көрсеткені үшін «Қазақстан халқына» қорына зор алғыс білдірілді. Бұл игі бастама ауыл оқушыларының сапалы білім алуына, олардың шығармашылық және ғылыми әлеуетін арттыруға үлкен серпін бермек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: