Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстандық оқушылар көктемгі каникулда неше күн демалады?

11.03.2025, 15:50 115

Қазақстандық оқушылар көктемгі каникулда неше күн демалатыны белгілі болды,-деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Үшінші тоқсанның аяқталуына санаулы күндер қалды. Көктемгі каникул кезеңі 2025 жылдың 21-наурызы мен 2025 жылдың 31-наурызын қоса алғанда он бір күнге жалғасады.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Мектеп оқушыларының көктемгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары жасалды.
Сондай-ақ 1-4, 5-9 және 10-11 сынып оқушыларына арналған гайдбук әзірленді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: