HALYQLINE.KZ Назарбаев Зияткерлік мектебі, «Білім-инновация» лицейі және Республикалық физика-математика мектебі Қазақстандағы орта білім беру орындарының көшін бастап тұр. Республикалық және халықаралық олимпиадаларда жеңіп алған медальдар мен өткен жылы берілген марапаттар санына негізделіп жасалған ең үздік мектептер рейтингі шықты, деп хабарлайды Stan.kz.
2020-2021 оқу жылы бойынша ең беделді 7 халықаралық олимпиадаларда жүлдегер мен жеңімпаз атанған оқушылардың ТОП үштігі мына мектептер:
- Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Алтын медальмен марапатталғандар – 1, 6 күміс және 4 қола медаль алған.
- «Білім-инновация» лицейінің оқушылары 1 алтын, 4 – күміс және 5 – қола медаль иеленген.
- Республикалық физика-математика мектебінде күміс медаль алғандар – 1 және қола медальді – 2 оқушы алған.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұсынған дерегі бойынша 2020-2021 оқу жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысып, жеңімпаз атанған ең көп оқушылар «Білім-инновация» лицейлерінде оқиды. Оның ішінде алтын медальмен марапатталғандар – 31, күміс медаль – 57, қола медаль – 118.
Келесі орынды Назарбаев Зияткерлік мектебінің білім алушылары алады. Бұл мектептің оқушылары алтын медаль – 16, 39 – күміс және 23 қола медаль иеленген.
Үшінші болып Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары олимпиадаға қатысып алтын медальмен марапатталғандар – 12, күміс медаль – 17 және 19 қола медаль иеленген.
Биылғы жылы елімізде «Алтын» белгі» алғандардың саны рекордтық көрсеткішке жеткен болатын. 2021 оқу жылында 9 мың 746 оқушы мектепті үздік бітірген.
Сонымен бірге, 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша мамандандырылған білім беру ұйымдарының түлектерінің ішінде «Білім-инновация» лицейлерін бітірушілердің13%, Республикалық физика-математика мектебі түлектерінің 9%, Назарбаев Зияткерлік білім ордасы оқушыларының 4% «Алтын белгі» иегерлері атанған.
Қазір Қазақстанда барлығы 7 475 мектеп бар. Онда 3,4 миллион бала білім алуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!