Қазақстанда 8 мыңға жуық орта білім беру ұйымында 400 мыңға жуық педагог жұмыс істейді. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, олардың 300 мыңға жуығы аттестация қорытындысы бойынша біліктілік санаттары үшін үстемеақы алады, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
2020 жылдан бастап Президент тапсырмасына сәйкес, педагогтердің айлық еңбекақысы 100 пайызға өсті. Сондай-ақ 2023 жылдың қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілерінің жалақысы 30%-ға артты. Ал техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына кәсіпорындардан тартылған мамандарға 30-35 % көлемінде үстемеақы қосылған.
«Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданғаннан кейін, мұғалімдердің жалақысының мөлшері білімінің, санатының (шебер, зерттеуші, сарапшы, модератор) деңгейіне және еңбек өтіліне, жүктеме көлеміне, сондай-ақ еңбек ету жағдайына байланысты қосымша төлемдер, академиялық дәрежесінің болуы (10 АЕК), тәлімгерлік етуі, сабақтан тыс спорттық дәрістер беруіне (базалық лауазымды еңбекақыдан 100%) байланысты өсіп отырады.
Осылайша, түрлі санаттарының болуына байланысты педагогтерге келесідей үстемеақы төленеді:
Педагог-шебер – 50%
Педагог-зерттеуші – 40%
Педагог-сарапшы – 35%
Педагог-модератор – 30%
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!