Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Педагогикалық мамандық таңдайтындарға шекті балл жоғарыламақ

14.02.2020, 11:02 2483

Бүгінгі таңда ең үздік мектеп түлектерінің арасында мұғалім мамандығы айтарлықтай сұранысқа ие болмай отыр. Осы ретте талапкерлер тарапынан даярлаудың педагогикалық бағыттары сирек таңдалып жатады.

«Еліміз бойынша мұғалімдер тапшылығы 5000 адамды құрайды. Бүгінгі таңда 145 мың студент педагог мамандықтары бойынша оқып жатыр. Жыл сайын педагогикалық бағыттағы жоғары оқу орындарын 40 мың түлек тәмамдағанмен, педагог тапшылығы мәселесі сақталып отыр. Неге? Біріншіден, түлектер мектепке жұмыс істеуге барғылары келмейді, екіншіден – ынталандыру төмен», – деді Асхат Аймағамбетов «Қазақстан» ұлттық телеарнасына берген сұхбатында.

Ведомство басшысының айтуынша, талапкерлерді педагогикалық мамандықтарға тарту үшін өткен жылы ҚР БҒМ-мен бірқатар нақты шаралар қабылданды. Мәселен, 2019 жылы педагогикалық мамандықтарға түсу үшін шекті балл 60 балға дейін өсті (бұрын 50 балдан кем емес болатын). Ендігі кезекте 2020 жылы шекті балды 70 балға дейін арттыру жоспарлануда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: