Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Оқушылардың күзгі демалысын тиімді өткізу керек

02.11.2021, 11:45 1694

 HALYQLINE.KZ Биылғы оқу жылының алғашқы тоқсаны аяқталып, бүгіннен бастап оқушылардың күзгі демалысы басталды. Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес күзгі каникул 1-7 қараша аралығында өтеді. ІІ тоқсан 8 қарашада басталмақ. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Нұрлан Дәулетәлиев мәлімдеді.

«Мектеп оқушыларының күзгі демалысын тиімді өткізу әрі интеллектуалды дамыту мақсатында «Күзгі демалыс – бақытты бала жүзін көру!» атты арнайы ұсыным жолданды. Тәрбиелік шаралардың негізгі бағыты – 20 қазан мен 20 қараша аралығында дүниежүзілік бала күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» тұжырымдамасы негізінде ұйымдастырылуда. Шара аясында оқушыларға азаматтық-патриоттық, спорттық, эстетикалық, экологиялық бағыттардағы іс-шаралар өткізілетін болады», – деді Нұрлан Дәулетәлиев.

Атап айтқанда, «Тәуелсіз елдің ұрпағы» патриоттық әндер челленджі, «Мәдениеттің ғажайып әлемі» тақырыбында театр, музейлерге саяхаттау, «Күз бояулары» атты сурет, сәнді қолданбалы қолөнер көрмесі, «Өмір – бақыт. Бәрі өз қолыңда» тренингі, «Құқығым бар» мектеп лидерлеріне арналған тренинг, «Спорт ойындарының калейдоскобы», макулатура жинау шаралары ұйымдастырылмақ.

Сонымен қатар негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды басқа мектепке ауыстыру үшін құжаттарды қабылдаудың талаптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек.

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында оқушыларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүргізілмек. Осыған орай, оқушылардың мектептен-мектепке ауысу барысы каникул күндерінде жүзеге асырылатындығын хабарлаймыз», – деді Нұрлан Базарғалиұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: