Павлодар облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, 11 қараша күні өңірдің барлық мектептерінде мектепалды даярлық топтары мен бірінші ауысымның 1-4 сыныптары онлайн оқиды. Себебі ауа температурасы 0…–5°C шамасында болып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді және көктайғақ күтіледі.
Сонымен қатар, қолайсыз ауа райына байланысты оқушыларды мектепке тасымалдау уақытша тоқтатылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!