Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Оқушылар негізгі пәндерді дәстүрлі форматта оқиды

31.03.2021, 9:45 483

HALYQLINE.KZ  Соңғы қаулыға сәйкес өңірдегі жалпы білім беретін мектептердегі барлық сынып оқушылары төртінші тоқсанды аралас форматта оқиды. Яғни, негізгі пәндерді дәстүрлі, қалған пәндерді қашықтан оқуға мүмкіндік жасалған. Мәселен, музыка, көркем еңбек, информатика, құқық негіздері пәндерін оқушылар қашықтан оқи алады. Айта кетерлігі, жекелеген пәндерді қашықтан оқыту мәселесін әр мектеп өзі дербес айқындайтын болады.

– Инфекцияның таралу қауіпін азайту мақсатында дәстүрлі түрде білім алатын оқушылар 5 сатыдан тұратын дезинфекциядан өтеді. Бүгінде барлық мектептерге дезинфекциялық құрал-жабдықтар сатып алынды. Сондай-ақ, мектепке ата-аналардың кіруіне де тиым салынды. Яғни, бастауыш сыныпта оқитын балалардың ата-аналары енді балаларын мектептің алдында мұғалімдерге табыстайды. Оқушылар дезинфекциялық туннелден өтіп барып ғана мектепке кіреді, – деді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.

Жаңа тоқсанда мектеп формасына қатысты қатаң талап болмайды. Яғни, оқушылар ыңғайлы әрі қолжетімді формада мектепке кіре алады. Сабақ уақыты 40 минут болып бекітілді. Атап өтерлік тағы бір жайт, енді аудан, қала мектептерінде асханалар жұмыс істейді. Алайда асхананың толтырылуы тамақтану залының 30 пайызынан аспауы тиіс.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: