Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

NIS мұғалімдері Байқоңыр мен Қазалы мектептеріне әдістемелік қолдау көрсетті

26.11.2025, 10:20 306

Қызылордадағы NIS-тің директоры бастаған бір топ мұғалімдер Байқоңыр қаласындағы №277 және Қазалы ауданының №266 мектеп-лицейлеріне жұмыс сапарымен барды. Ұстаздар әріптестерінің сабақтарын бақылап, қажеттіліктерін анықтады және білім беру үдерісін жақсарту бойынша ұсыныстар берді.

Мұғалімдерге арналған шеберлік сыныптарында онлайн-платформаларды пайдалану, ғылыми жобаларға жетекшілік ету, саралап оқыту әдістері, функционалдық сауаттылық пен тіл дағдыларын дамыту, тапсырмаларды әзірлеу және бағалау бойвнша әдістемелік қолдау көрсетті. Сондай-ақ, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу жолдары бойынша тренинг өткізді.

Мектептің зертханашы қызметкерлері үшін зертханалық жабдықтарды тиімді қолдану бойынша практикумдар өткізілді. Жаңақорған ауданының мектебінде семинар өткізу жоспарланған. Негізгі мақсат – ауыл ұстаздарының оқыту әдістемесі бойынша көмек көрсету және білім сапасын арттыруға қажетті ресурстарды ұсыну.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: