Бар тіршілік оянып бастау алған,
Маужырасып, құстар да әнге салған.
Жарасымды құлпыртқан шартарапты,
Келді наурыз қазағымды нұрландырған.
Күн жылынып, қар еріп, көген толып,
Көбейгендей береке байлық толып.
Бала мәз жанарынан күн көрініп,
Қауқылдасқан қариялар бейне бақыт.
Наурызым – Ұлыстың ұлы күні,
Еріткен Самарқанттың қара тасын.
Жаратушым жар болып жанымызға,
Бере көр нығмет пен мол жарасым.
Қариялар баталы аман болсын,
Келтірген жанұяның берекесін.
Ата-ана, балалар бақытты боп,
Наурызым арта берсін ырыс,құтың.
Айгерім Исағалиева,
Қармақшы ауданы
Иіркөл ауылы
№106 орта мектеп мұғалімі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!