Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің әлеуметтік желілер мен түрлі трендтерге тым әуестеніп кеткенін айтты, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі El.kz интернет порталына сілтеме жасап.
«Шын мәнінде, мұғалімдер, тіпті балабақшадағы тәрбиешілерге дейін СММ маманы, мобилограф сияқты қосымша міндеттерді атқарып жүр. Менің ойымша, мұғалімдерге қосымша жүктеме болмауы керек. Мұғалім тек сабағын өткізуі тиіс. Егер рилс жасау немесе әр тәрбие сағатын формалды түрде бейнежазбаға түсіру міндеттелсе, ол – үлкен жүктеме әрі заңның бұзылуы», – деді депутат.
Сондай-ақ ол ата-аналардың да құқығына тоқталды.
«Әр ата-ана өз баласын видео немесе фотоға түсіруге қарсылықтарын білдіруге құқылы. Мектептен осы мәселені талап ету керек. Бала бейнесіне қатысты құқық тек өзіне тиесілі. Сондықтан ата-ана рұқсатынсыз баланың бейнесін жариялауға болмайды», – деді Асхат Аймағамбетов.
Фото: El.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!