HALYQLINE.KZ ҚР Білім және ғылам министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқыту кейбір балаларға жақсы әсер еткенін айтты.
«Әр аптаның сенбісінде онлайн режимде мұғалімдермен пікір алмасамын. Біз саладағы мәселелерді талқылаймыз. Осы орайда ұстаздар балалардың оқу үлгеріміне қатысты мәліметтерді айтады. Олардың сөзінше, осыған дейін жақсы оқыған балалардың сабақ үлгерімі нашарламады. Олар бұрынғысынша жақсы ынтамен сабақтарын жалғастырған, яғни білім сапасын жоғалтпаған», – деді А.Аймағамбетов онлайн баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар, ол қашықтан оқыту кейбір балаларға оңтайлы әсер еткенін айтты.
«Дәстүрлі форматта оқыған кезде тұйықтау бала ретінде көрінгендерде өзгерістер болған. Әріптестердің хабарлауынша, бұл балалар ашылып, өздерін жаңа қырынан көрсеткен. Олар өздерінің ойын, тұжырымын ашық айта бастаған», – деді министр.
Сөз соңында ол министрлік үшін бұрынғыдай дәстүрлі күндізгі оқыту қолайлы екенін атап өтті
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!