Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер үшін маңызды жаңалықты жариялады. Оның айтуынша, пәндік білімді бағалау, яғни ПББ тесті тоқтатылды.
Енді педагогтер біліктілігін растау үшін бұл міндетті тесті тапсырмайды. Министрдің мәлімдеуінше, осы мәселеге қатысты тиісті нұсқаулық бүгін барлық өңірлік білім басқармаларына жолданған.
Жұлдыз Сүлейменова бұл шешім Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес қабылданғанын айтты.
«Құрметті ұстаздар! Сіздерге сүйінші болар жағымды жаңалықпен бөліскім келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес ПББ, яғни мұғалімдердің білімін бағалау тесті тоқтатылды. Бұл – Президенттің ұстаздар қауымына деген зор сенімі мен үлкен жанашырлығының айқын көрінісі. Сондықтан баршаңызды осы шешіммен шын жүректен құттықтаймын», – деді министр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!