Жалағаш ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ғани Сүлейменов аудандық мәслихат депутаты, тәжірибелі педагог Құрманбаева Гүлзат Ердәулетқызын қабылдап, аудан әкімінің атынан 60 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.
“Сіздің терең біліміңіз, жоғары жауапкершілігіңіз бен кәсіби біліктілігіңіз әріптестеріңізге үлгі. Еліміздің болашағын қалыптастыратын ұстаздардың кәсіби дамуына және білім саласының өркендеуіне қосқан үлесіңіз үшін алғыс білдіреміз. Бүгінде аудандық мәслихат депутаты ретінде халық сенімін ақтап, өңірдің өзекті мәселелерін шешуге белсенді атсалысып келесіз. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, қызметіңізге табыс тілеймін», – деді Ғ.Сүлейменов.
Гүлзат Ердәулетқызы – саналы ғұмырын білім саласына арнаған білікті ұстаз. Еңбек жолын туған жерінде бастап, жас ұрпаққа сапалы білім мен тәлімді тәрбие беруде айрықша үлес қосты. Аудандық білім бөлімін басқарып, саладағы жүйелі жұмыстардың жандануына, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының нығаюына және педагогтердің кәсіби әлеуетінің артуына ықпал етті.
Қазіргі таңда аудандық мәслихат депутаты ретінде әрбір жобаның сәтті жүзеге асуына белсене араласып, өңірдің дамуына үлес қосып келеді.
Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!