Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мектептерде есеп үшін өтетін форумдар мен жиындар саны қысқарады

13.02.2026, 17:05 59

Қазақстанда білім беру саласындағы шығындарды оңтайландыру бағытында бірқатар өзгеріс енгізілмек. Бұл туралы салалық ведомство хабарлады.

Мәліметке сәйкес, Мемлекет басшысының тапсырмасына орай білім саласына бөлінетін ресурстар формалды іс-шараларға емес, нақты сапаны арттыруға бағытталады. Осыған байланысты есеп беру мақсатында ғана ұйымдастырылатын форумдар мен кеңестердің саны азайтылады. Ведомство өкілдерінің айтуынша, республикалық және өңірлік деңгейде өтетін барлық іс-шаралардың тізімі қайта қаралады. Тек білім мазмұнын дамытуға, оқу процесінің тиімділігін арттыруға нақты үлес қосатын жобаларға ғана мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Сонымен қатар мектептердегі қауіпсіздік мәселесіне де ерекше назар аударылмақ. Атап айтқанда, техникалық қауіпсіздік талаптарының сақталуы, бейнебақылау жүйелерінің жұмыс істеуі, күзет қызметінің сапасы және оқушылар арасындағы психологиялық ахуал қатаң бақылауға алынады. Жауапты орган бұл өзгерістердің барлығы білім беру ұйымдарындағы жұмыс сапасын арттырып, оқушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: