Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мектеп түлектерімен мақтанамыз

28.04.2022, 13:10 777

HALYQLINE.KZ Спорт – адамзат баласының денсаулығын нығайтатын, денені шынықтыратын ерекше дүние. Саламатты өмір салтын сақтай отырып, спортпен шұғылданушылар қатарын арттыруымыз керек. Дене шынықтырудың маңызы өте зор. Денедегі қимыл-қозғалысты бірқалыпты дамытпаса, баланың өсу процесінде өзгеріс болады. Ол үшін әрбір ата-ана баланы дүние есігін ашқан күннен бастап жаттығу жасатып өсіреді. Бала суға шомылмай, қимыл-қозғалысы нашар болса, сол күні мазасызданады. 40 күн сәбиді бір деңгейде ұстап-тұруды дағдыға айналдыру керек. Сәби жастан, балабақша кезінде баланың өсу процесін, қабырғасындағы қимыл-қозғалысының жақсы дамуының арқасында үлкен азамат болары хақ. Мектеп қабырғасындағы спорттың маңызы ерекше. Оқушыларды адамгершілікке, ауызбіршілікке, сыйластық пен сыпайылыққа, шыдамдылық пен жылдамдыққа тәрбиелейді. Сондықтан, дене шынықтыру сабағына деген оқушылардың қызығушылығы жоғары.

Мектептегі күзгі, қысқы, көктемгі демалыс кезінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері әртүрлі іс-шаралар, спорттық ойындардан жарыстар ұйымдастырады. Қысқы демалысты бос өткізбей дойбы, шахмат, футбол, волейбол, баскетбол ойындарын үйретіп, ойнау техникасын, ережелерін сақтауға бейімделеді. Уақытылы келіп жарыстарға белсене қатысқан оқушыларға мақтау қағазы, алғыс хат, дипломдар беріледі.

Біз шәкірттерімізбен, мектеп түлектерімен мақтанамыз. Мысалы, боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев пен Тұрсынбай Құлахметтің біздің мектептің түлектері екенін бірі білсе, бірі білмес. Әрине, осы күні екі спортшы да өз мықтылығын әуесқой бокста да, кәсіпқой бокста да дәлелдеп жүр. Тіпті, қос оғланымыздың әлемдік додаларда бірдей жеңімпаздар қатарынан көрінген кезі де болды.

«11 жыл білім алған алтын ұям №197 қазақ орта мектебіне келіп, маған сабақ берген ұстаздарыма сәлем беріп, оқушылармен еркін форматта сұрақ-жауап алмасып, мектеп қабырғасында жүрген кездердегі қызықты сәттерді еске алған жылы кездесу болды. Қаланың шетіндегі кішкене мектептің түлегі болсам да, оқушылардың арман-мақсатына талпынуына себепші саналсам, сол мен үшін үлкен жетістік!» деген болатын Қамшыбек Қоңқабаев оқушылармен кездесуде.

Дені сау ұрпақ тәрбиелеу – біздің басты мақсатымыз. Мектеп қабырғасында оқушылар тек дене шынықтырумен ғана айналыспайды. Олар осы баспалдақ арқылы үлкен спортқа деген қызығушылығын қалыптастырады. Ал, біз өз түлектеріміздің жоғары жетістіктерін оқушыларға айтудан аянбаймыз.

Ақкенже ТӘЖИЕВА,

№197 Ә.Құдабаев атындағы қазақ орта мектебінің

дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: