Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мектеп мәртебесі өсті

01.04.2025, 20:17 87

Бүгін Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектебі аймақта алғашқылардың бірі болып “PISA – 2025” халықаралық зерттеуіне қатысты. Бұл зерттеу оқушылардың математика, жаратылыстану және оқу сауаттылығы бойынша білім деңгейін бағалауға бағытталған.

Зерттеуге мектептен 40 білім алушы қатысып, өз білімдері мен дағдыларын халықаралық деңгейде сынап көрді. Бұл олардың тек академиялық білімін ғана емес, сонымен қатар сыни ойлау, ақпаратты талдау және оны өмірде қолдану қабілетін көрсететін маңызды сынақ болды.

Абай атындағы мектептің 10 “G” сынып оқушысы Мақсұт Надира “PISA – 2025” халықаралық зерттеуіне қатысып, тапсырмаларды орындау барысында ешқандай қиындық болмағанын атап өтті. Ол барлық сұрақтардың оқу бағдарламасына сай келетінін, алған білімінің бұл сынақта өз нәтижесін көрсеткенін және бұл зерттеу – мектептің білім беру сапасының жоғары деңгейде екенін тағы бір дәлелдейтін жетістік екендігін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айының 1 – 22 аралығында өтетін “PISA -2025” халықаралық зерттеуіне біздің өңірдегі 24 мектеп, 5 колледжден 1029 білім алушы қатысатын болады.

©️Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: