Бүгінгі күні сөйлеу тілі бұзылыстары бар балалар саны артып келеді. Мұндай жағдайда логопед маманының жұмысы маңызды болса, ата-ананың қолдауы – сол жұмыстың нәтижелілігін екі есе арттыратын шешуші фактор.
Неліктен бірлескен жұмыс қажет?
Мектеп логопеді балаға аптасына бірнеше рет ғана көмек көрсете алады. Бірақ сөйлеуді дамыту – үздіксіз процес. Сондықтан логопед ұсынған жаттығулар мен түзету әдістері үйде де жалғасын табуы қажет. Бұл жерде ата-ананың рөлі ерекше.
Бірлескен жұмыстың артықшылықтары:
— сабақта бекітілген материал үйде қайталанады, бала тез меңгереді;
— балада тұрақты сөйлеу дағдысы қалыптасады;
— ата-ана баладағы алға жылжуды бақылап, логопедпен кері байланыс орнатады;
— баланың сөйлеуіне деген ынтасы артады, өзіне деген сенімділігі күшейеді.
Ата-ана не істей алады?
— Баламен сөйлесуді арттыру, жаңа сөздер үйрету.
— Үрлеу, саусақ жаттығулары, тақпақ жаттау сияқты қарапайым әдістерді қолдану.
— Логопедпен үнемі байланыста болу, нәтижемен бөлісу.
Логопед пен ата-ананың ынтымақтастығы – баланың сөйлеу тілі дамуының басты кепілі. Бір-бірін қолдай отырып әрекет еткен жағдайда ғана нақты нәтижеге қол жеткізуге болады. Бұл баланың болашағына жасалған маңызды инвестиция болатыны анық. Ендеше бала болашағы үшін аянып қалмайық.
Фариза МАҚАТАЙ,
Төретам кентіндегі №85 мектептің дефектологі
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!