Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мектеп автобусы жол апатына түсті

01.04.2026, 7:55 31

Батыс Қазақстан облысында Теректі ауданына қарасты Подстепное кентінде мектеп автобусы апатқа ұшырады, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 31 наурыз күні сағат 14:00 шамасында Подстепное кентінде маршруттық және мектеп автобустарының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Самара – Шымкент республикалық автожолымен келе жатқан маршруттық автобус мектеп автобусымен соқтығысып, салдарынан соңғысы инерциямен алда тұрған автокөлікке соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер тіркелді, олардың ішінде балалар да бар. Қаза болғандар жоқ. Барлығына медициналық көмек көрсетілді», – делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Маршруттық автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Барлық мән-жай анықталып, әрбір қатысушының әрекетіне құқықтық баға берілетіні айтылды.

Фото: Видеодан алынған кадр

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: