Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мәжіліс депутаттары “Келешек мектептері” ұлттық жобасының жүзеге асырылуымен танысты

10.01.2026, 4:54 25

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов пен Мархабат Жайымбетов Арай мөлтек ауданындағы “Келешек мектептері” ұлттық жобасы аясында салынған 1500 орындық
М. Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейінің жұмысымен танысты.

Депутаттар заманауи білім беру ордасының материалдық-техникалық базасын, оқу-әдістемелік жұмысын, білім беру үдерісін ұйымдастырудың заманауи тәсілдері мен цифрлық технологияларды қолдану деңгейін көрді.

Облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов өңірде бой көтерген «Келешек мектептері» жобасының жүзеге асырылуы мен тиімділігін, білім беру үдерісінде жасанды интеллекттің маңыздылығын айтып, пәндік кабинеттерді, STEM-зертханаларды, робототехника сыныптары, 4 спорт залы және мәдени-сауықтыру инфрақұрылымының жай-күйін көрсетті.

Өз кезегінде мектеп директоры білім беру ұйымының жобалық қуаты, педагог кадрлармен қамтылуы, сондай-ақ инклюзивті білім беруді дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Сондай-ақ оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тамақтану сапасы мен медициналық қызмет көрсету мәселелеріне де ерекше назар аударылды.

Аралау барысында депутаттар білім алушылармен кездесіп, мемлекеттің өскелең ұрпаққа қолайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға қосып отырған үлесін атап өтті.

Айта кеткен жөн, аймақта “Келешек мектептері” ұлттық жобасы аясында 54 млрд. 391 млн. теңгеге 10 жаңа мектеп ел игілігіне табысталды.

@Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: