Қазақстанда каникул кері шегерілмейді. Оқушылар бұрынғыдай демалатын болады, деп хабарлайды білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
«Каникул уақытын ауыстыру жоспарланбаған. Әдеттегідей бірінші тоқсанның соңында 5-15 қараша аралығында өтетін болады», – дейді министрлік.
Бұған дейін әлеуметтік желілер мен ата-аналардың топтарында демалыс 5-18 қазанға ауыстырылғаны туралы ақпарат тараған болатын. Алайда ақпарат шындыққа жанаспайтын болып шықты.
Белгілі болғандай, каникул уақытын ауыстыру туралы шешім Мәскеуде қабылданған. Мәскеу мэрі демалысты 5-18 қазанға ауыстырған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!