Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Келешек» мектебіндегі келелі іс

19.08.2025, 11:05 192

HALYQLINE.KZ

Кеше Қызылорда қаласындағы инженерлік бағыттағы №290 «Келешек» мектебінде ашық есік күні ұйымдастырылды, деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Іс-шараға 400-ге жуық ата-ана қатысып, мектептің оқу-тәрбие үдерісімен және оқушылардың тәжірибелік жұмыстары жүргізілетін арнайы кабинеттер мен үйірме, зертханалардың жұмысымен танысты.

Ата-аналарға оқушылардың инженерлік ойлауын дамытатын Биоквантум, Наноквантум, Робоквантум, Аэроквантум, Лазерквантум зертханалары ұсынылды. Мұнда балалар ғылыми жобалармен айналысып, тәжірибе жасап, болашақ мамандықтарына алғашқы қадам жасайды.

Сонымен қатар, ата-аналар «Өндірістік дизайн», «Бір қазан» кулинарлық және «Оймақ» тігін шеберханаларының жұмыстарымен танысты. Бұл шеберханаларда оқушылар өз шығармашылығын дамытып қана қоймай, еңбекке баулудың алғашқы дағдыларын меңгереді. Мектепте футбол, баскетбол, волейбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, сурет және бейнелеу өнері, қолөнер мен сәндік-қолданбалы өнер, музыка (домбыра, вокал) ансамбльдері, «Айя» би ансамблі және «Самғау» театры секілді үйірмелер жұмыс істеп, балалардың шығармашылық қабілетін дамытып келеді.

Ашық есік күнінің басты мақсаты – ата-аналарға мектептің күнделікті тыныс-тіршілігін көрсету, оқу үдерісіндегі ашықтықты қамтамасыз ету, сондай-ақ ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Қатысушылар оқушылардың инженерлік, шығармашылық және технологиялық бағыттағы жетістіктеріне куә болып, ұстаздар қауымының еңбегін жоғары бағалады.

Қызылорда облыстық білім басқармасы алдағы уақытта да осындай игі іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп, ата-аналар мен қоғамды білім беру үдерісіне кеңінен тартуды жалғастыратын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: