Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кейбір жекеменшік мектептер жабылуы мүмкін

18.06.2025, 16:05 217

HALYQLINE.KZ

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нартай Сәрсенғалиев жекеменшік мектептердің жаппай жабылатыны туралы мәліметтер тарай бастағанына алаңдаушылық білдірді.

— Елімізде 300 мыңнан астам оқушы білім алатын 800 жекеменшік мектеп бар. Оларға мемлекеттік тапсырыс тоқтатылады екен деп жатыр. Ертең бірқатары жабыламыз деген хабарламасын айтып жатыр. Оларды қаржыландыру жергілікті бюджетке түсті. Ертең олардың бәрі жабылып қалса, 300 мың оқушыны қайда жібереміз? — деп сұрады депутат.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жертөле мен мектепке сай емес ғимаратта ұйымдастырылған жекеменшік мектептер ғана жабылатынын айтты.

— Сол жекеменшік мектепте оқып жатқан 300 мың баланың сапалы білім алуы министрлікті өте қатты алаңдатады. Біз Жоғары аудиторлық палатаның тексеруі нәтижесінде де жекеменшік мектептердегі білімнің сапасына үлкен сұрақтар туындағанын көріп отырмыз. Рас, егер жекеменшік мектептер жабылатын болса, мына жертөлелерде, мектепке тиесілі емес ғимараттарда орналасуы бірінші кезекте себеп болады. Сондай-ақ, өте сапалы білім көрсетіп отырған (жекеменшік — ред.) мектептеріміз бар. Оларға ешқандай қауіп төніп отырған жоқ. Мұны нақты айта аламын, — деді министр.

Бұл мәселе Үкімет қабырғасында да көтерілген еді.

Дереккөз: abai.kz

Коллаж: aikyn.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: