Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Инновациялық жобалар көрмесімен танысты

06.04.2025, 16:16 68

Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов «Руханият» орталығында ұйымдастырылған «Жас өнертапқыштар: Инновация және болашақ» атты аудан оқушыларының ғылыми-техникалық бағыттағы инновациялық жобалар көрмесімен танысты.

Дарынды оқушылар ғылыми-техникалық бағыттағы инновациялық жобаларын жаңа ғылыми идеялар негізінде әзірленгенін жан-жақты түсіндіріп өтті. Ұсынылған жобалар қоғамның түрлі салаларында прогрессті қамтамасыз етуге, өндіріс пен қызмет көрсету процесін оңтайландыруға, ресурстарды тиімді пайдалану және экологиялық тұрғыдан таза суды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асыруға бағытталған.

Аудан әкімі инновациялық жобалардың болашақта ел игілігі үшін жүзеге асуына тілектестігін білдіріп, жас ғалымдар мен дарындылардың туындыларын жоғары бағалады.

«Әрбір жобаның артында үлкен еңбек пен шығармашылық тұр және бұл жобалардың болашақта қоғамға қосар үлесі зор екені айқын. Жастарымыздың ғылыми-техникалық әлеуеті өте жоғары. Бұл жобалар ауданымыздың дамуына жаңа серпін беріп, еліміздің болашағы үшін маңызды қадам болмақ. Бүгінгі көрмеде көрсетілген жұмыстар мен идеялардың әрі қарай сәтті жүзеге асуына тілектеспін!» – деді аудан әкімі Ардақ Ибраимов.
Айта кетейік, инновациялық жобалар көрмесіне республикадан орын алған 30 жоба ұсынылды. Аудан оқушылары биылғы оқу жылында да республикалық, облыстық білім бәйгелерінде үздіктер қатарынан көрініп келеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: