Өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты 132 598 оқушы І тоқсанды қашықтан оқыды. Ал, ата-аналардың өтініші негізінде 1-4 сынып оқушылары үшін 2027 кезекші сынып ашылды. Онда жалпы 28 694 бала дәстүрлі түрде білім алуда.
ІІ тоқсанда оқушы саны 300-ден аспайтын мектептерде санитарлық талаптарды сақтай отырып, 19267 бала дәстүрлі білім алатын болады. Жалпы, 39357 оқушы мектепте оқытылады.
– Бірінші оқу тоқсаны 4 қарашада аяқталады. Ал бағалау максималды 10 балдық жүйені құрайды. Яғни, БЖБ 25 пайыз және ТЖБ 50 пайыз қосындысы бойыншы қорытындыланады. 2-11 сынып оқушыларына І тоқсанның қорытындысы шығарылса, 1 сыныптікі бағаланбайды. Ағымдағы жылдың 5 -14 қараша аралығында оқушылар 10 күндік демалысқа шығады. Екінші тоқсан 16 қарашада басталады. Екінші тоқсанда 2720 кезекші топ ашылып, 39357 бала оқиды деп күтілуде, – деді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Айта кетейік, оқушылардың қашықтан оқуына байланысты Үкімет резерві есебінен бөлінген қаржыға 22 870 дана құрылғы алынған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!