Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Болашақ» университетіндегі заң мектебінің қалыптасуына арналған дөңгелек үстел өтті

19.06.2024, 15:50 301

HALYQLINE.KZ

Бүгін Қызылорда «Болашақ» университетінде оқу орнының «Құқықтану және қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Г.Арғынбекованың 50 жас мерейтойы аясында «Болашақ» университетіндегі Заң мектебінің қалыптасуы: бүгін және ертең» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара сыр-сұхбат форматында ұйымдастырылып, мерейтой иесінің өмір жолы тарихи кезеңдермен сипатталды.

Дөңгелек үстел жұмысы университет құрылтайшысы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Б.Досманбетовтың алғашқы сөзімен ашылды. Іс-шара барысында әр жылдары «Болашақ» университеті ректоры қызметін атқарған техника ғылымдарының докторы, Қарағанды индустриялық университетінің «Жасанды интеллект технологиясы» кафедрасының профессоры Ө.Үмбетов, химия ғылымдарының кандидаты, Қарағанды индустриялық университетінің басқарма мүшесі-ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Б.Махмұтов, техника ғылымдарының кандидаты, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Студенттік мәселелер жөніндегі Департамент директоры Қ.Дәуренбековтің құттықтаулары тыңдалды.

Қазіргі таңдағы заңгерлік білім беру процесі құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста жүреді. Осы мақсатта университетте құқық бағыты бойынша білім беруге практик мамандар тартылып жатқанын айтқымыз келеді. Қызылорда облысының Полиция департаменті, Қызылорда облысының прокуратурасы, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Қызылорда облысы бойынша Сот сараптамалары институты және басқа да мекемелермен ынтымақтастық туралы меморандумдар, бірлесіп атқарылып жатқан іс-шаралар – мерейтой иесінің тиімді жұмыс істеуінің нәтижесі. Осы себептерге байланысты жұмыс беруші мекемелер тарапынан Қызылорда облысы бойынша Сот сараптамалары институты директорының сот-медициналық мәселелер бойынша орынбасары Б.Садуов, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілі Б.Наурызбаев кафедрамен атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, мерейтой иесінің әріптестестері, достары және шәкірттері естеліктерімен бөлісіп, ыстық лебіздерін білдірді.

Қызықты сыр-сұхбат форматында ұйымдастырылған іс-шара ғалымның өмір мен еңбек жолын терең пайымдауға мүмкіндік беріп, университеттегі құқықтық білім саласына қосқан үлесін айқындап берді. Дөңгелек үстел мерейтой иесінің жетістіктерін атап қана қоймай, университеттегі «Құқықтану және қоғамдық пәндер» кафедрасының эволюциясы мен болашақ бағыттары туралы талқылауға ықпал жасады.

Іс-шара соңында университет қабырғасында оқу-криминалистикалық полигоны дәрісханасы салтанатты түрде ашылды.

«Құқықтану және қоғамдық пәндер» кафедрасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: