Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Биыл оқу жылы 2 қыркүйекте басталады

24.07.2025, 12:20 185

HALYQLINE.KZ

Конституция күніне орай оқу жылының басталуы 1 қыркүйектен 2 қыркүйекке шегерілді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкіметтегі баспасөз мәслихатында айтты.

«Жыл сайын оқу жылы 1 қыркүйекте басталады. Алайда биыл Конституция күні демалысқа сәйкес келгендіктен, сабақтар 2 қыркүйекте басталады. Ал Білім күніне арналған салтанатты іс-шараны өткізу уақыты мен форматын мектептің педагогикалық кеңесі шешеді», — деді министр.

Демалыс күндері:

5 күндік жұмыс аптасы: 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек – демалыс;

6 күндік жұмыс аптасы: 30, 31 тамыз – демалыс.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: