ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ 200-ДЕН АСТАМ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫСЫ ЕЛБАСЫ АКАДЕМИЯСЫНДА БІЛІМ АЛУДА
Қызылорда облысының оқушылары «Мың бала» ұлттық олимпиадасына қатысқаннан кейін дарынды балаларға арналған мектептер мен Birge Oqý онлайн-мектебінде білім алуға мүмкіндік алды.
Birge Oqý онлайн-мектебінде барлығы екі мың оқушы оқиды. Сабақты елордалық лицейлер мен мамандандырылған мектептердің үздік мұғалімдері жүргізеді. Онлайн-мектеп Қазақстанның барлық оқушыларынан сапалы білім алуға көмектесетін «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының сұранысқа ие танымал жобасына айналды.
Академияның басқарушы директоры Ануар Жанғозиннің айтуынша, жоба қалалар мен ауылдардағы оқушылар арасындағы білім беру теңсіздігін қысқартуға бағытталған.
Онлайн мектепте алтыншы және жетінші сынып оқушылары оқи алады, өйткені дәл осы кезеңде олардың пәндік білімге белсенділігі артады. Айта кету керек, жоба аясында қазақстандық және шетелдік сарапшылар, сондай-ақ мұғалімдер мен ата-аналардың қатысуымен ұзақ уақыт бойы пысықтау жұмыстары жүргізілді.
«Өткен жылдың сәуір айында біз онлайн-оқытуды қалай жүргізу керектігі туралы үлкен талдау жұмыстарын жүргіздік. Ол барлық оқушылар қашықтан білім алуға мәжбүр болып, қиындықтарға тап болған кезең болатын. Мұғалімдер, балалар мен ата–аналардвң басым бөлігі білім алу процесінің бір сәтте өзгеріске ұшырауына дайын болмай шықты. Біз қашықтан оқыту сапасы тақырыбында 100-ден астам тікелей эфир өткіздік, нәтижелерді талдадық, барлық тілектерді ескердік және онлайн – мектеп құрдық», – деді Ануар Жанғозин.
Естеріңізге сала кетейік, онлайн-мектепте оқыту тегін жүргізіледі. Сабақты еліміздің жетекші педагогтары – НЗМ, РФММ, астаналық лицейлер мен халықаралық мектептердің 70-тен астам оқытушысы өткізеді. Жоба іске қосылған сәттен бастап математика, ағылшын, қазақ және орыс тілдері бойынша 40 мыңнан астам сағат оқыту өткізілді. Мектепте сондай-ақ, тьюторлардың қызметі де қарастырылған. Олар оқушылардың сабаққа қатысуы мен үлгерімін бақылайтын, түсіндіру және тәрбие жұмыстарын жүргізетін консультанттардың рөлін атқарады.
БОЛЕЕ 200 ОДАРЕННЫХ ШКОЛЬНИКОВ ИЗ КЫЗЫЛОРДИНСКОЙ ОБЛАСТИ ОБУЧАЮТСЯ В АКАДЕМИИ ЕЛБАСЫ
Школьники из Кызылординской области после участия в Национальной олимпиаде «Мың бала» получили возможность обучаться в школах для одарённых детей и в онлайн-школе Birge Oqý.
Всего в онлайн-школе Birge Oqý обучается две тысячи школьников. Занятия ведут лучшие учителя столичных лицеев и специализированных школ. Онлайн-школа стала самым востребованным проектом Корпоративного фонда «Академия Елбасы», который помогает школьникам со всего Казахстана получать качественные знания.
По словам управляющего директора Академии Ануара Жангозина, проект направлен на сокращение образовательного неравенства между школьниками из городов и сёл.
Заниматься в школе могут ученики шестых и седьмых классов, потому что именно в этот период они активно погружаются в предметные знания. Отметим, что в течение длительного времени над проектом работали казахстанские и зарубежные эксперты, в также учителя и родители.
«В апреле прошлого года мы провели большую аналитическую работу о том, как проводить онлайн-обучение. В период, когда все школьники вынужденно перешли на дистанционное обучение и столкнулись со сложностями. Учителя, дети и их родители – мало кто был готов к такой резкой перемене в форме обучения. Мы провели свыше 100 прямых эфиров на тему качества дистанционного обучения, проанализировали результаты, учли все пожелания и создали онлайн-школу», – рассказал Ануар Жангозин.
Напомним, что обучение в онлайн-школе бесплатное. Занятия проводят ведущие педагоги Казахстана – более 70 преподавателей из НИШ, РФМШ, столичных лицеев и международных школ. С момента запуска проекта проведено свыше 40 тысяч часов обучения по математике, английскому, казахскому и русскому языкам. Также, в школе есть тьюторы. Они выполняют роль консультантов, которые отслеживают посещаемость и успеваемость учеников, проводят разъяснительную и воспитательную работу.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!