Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Білім саласының өзекті мәліметтері

26.05.2020, 10:25 1022

HALYQLINE.KZ Оқу жылының соңғы тоқсанын қашықтан оқыған оқушыларға, әсіресе түлектерге оңай тиген жоқ. Ұстаздар да, шәкірттер де білім шаңырағындағы партада отырып, кітап парақтаған күндерін сағынғаны рас. ҚР БҒМ баспасөз қызметі ұсынған 2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша өзекті мәліметтерді назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік.

 – Елімізде 7 412 мектеп бар, онда 3 349 069 оқушы оқиды;

 – 9 сынып оқушыларының саны – 266 897; бітіруші түлектер саны – 144 706 (Ең көп түлектер саны Түркістан облысында, 24 мыңнан асады);

 – «Алтын белгіге» үміткерлер саны – 8506;

 – ҰБТ-ға 130 мыңнан астам адам қатысады, оның ішінде 111 017-сі – биылғы оқу жылының мектеп түлегі, 20 000 астамы – колледж және өткен оқу жылының мектеп түлегі;

 – Қашықтан оқыған IV тоқсан көлемінде 3 мыңнан астам бейнесабақ көрсетілді;

 – 1-11-сыныптарға арналған телесабақтар түсірілімі 23 наурыз күні басталды.

 – 6 сәуірден бастап олар «Balapan» және «EL ARNA» телеарналары арқылы көрсетіле бастады.

 – «Online Mektep» жобасы аясында 42 пән бойынша 3 мыңнан астам сабақ әзірленді.

 – Әр бейнесабақ үшін 7 500 жаттығу, 12 500 тесттік сұрақтар дайындалып, 100-ден астам анимациялық бейнероликтер көрсетілді.

 – Жобаға Нұр-Сұлтан қаласының 160 мұғалімі, «Bilim Media Group» компаниясының 111 қызметкері, 40-тан астам әдіскер қатысты.

 – 9 түсірілім студиясы, 20 монтаждау станциясы жұмыс істеді.

 – Түсірілім екі ай бойы, демалыссыз сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін санитарлық-гигиеналық қауіпсіздік шаралары қатаң қадағалана отырып жүргізілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: