HALYQLINE.KZ Облыстық білім басқармасының басшысы М.Шермағанбеттің төрағалығымен кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиынға облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары қатысса, ал мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдары мен интернат директорлары Zoom платформасы арқылы онлайн қосылды.
Күн тәртібінде білім беру ұйымдарындағы қаржының игерілуі, мемлекеттік сатып алу жұмыстарының жүргізілуі, ұлттық білім беру деректер қорының толтырылуы және білім беру мекемелерінің аттестаттау қорытындылары мен дайындығы сараланды. Жиында сондай-ақ, мектептегі тәрбие жұмыстарын күшейту, ерекше білім алуды қажет ететін балалармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу, балалардың құқықтарын қорғау, атап айтқанда қамқоршылық және қорғаншылық функциясын жүзеге асыратын органдардың жұмысы, инклюзивтік білім беру және суцидтің алдын алу бағытындағы мәселелер қаралды.
Мейрамбек Зинабдинұлы баяндамашылардың жұмысына жеке-жеке тоқталып, оның орындалуы бойынша білім бөлімдерінің басшыларына тапсырма берді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!