Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Білім нысандары күрделі жөндеуден өтуде

31.07.2024, 13:20 169

Қазіргі таңда күрделі жөндеу жұмыстары 5 мектепте жүргізіліп жатыр. Олар – қаламыздағы №211, 212, 217, 222, 253 орта мектептері.

Жобаға сәйкес, мектеп шатырының ескі жабындылары алынып, талапқа сай жаңартылуда. Сонымен қатар, білім ұясының ішкі/сыртқы қабырғалары, терезелері мен едендері және есіктері, электр, жылу, кәріз жүйелері жаңалануда.

Қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан білім нысандарының қазіргі жай-күйімен танысып, нысандардағы жөндеу жұмыстарының уақытылы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай- ақ, қалалық білім бөліміне жөндеу жұмыстарының сапаға және талапқа сай жүргізілуін қадағалауды жүктеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: